Екі әйел серіктес бола отырып, бірлескен қызмет туралы ауызша келісім негізінде бизнес-орталық салуды жоспарлады. 2 000 ш.м. квадратурасы бар ғимараттың құрылысы аяқталғаннан кейін, құрылысқа әркімнің ақшалай салымдарын бағалап, серіктестер құрылыстағы үлестерді бөлу туралы шарт жасасты – А. азаматшасына 90%-ы, Б. азаматшасына 10%-ы тиесілі екенін анықтады.
Бірақ тараптар маңызды қадамдардың бірін естен шығарып алды – аталған келісімді әділет органдарында тіркемеген.
Бұны пайдаланған Б. азаматы бірқатар құжаттарды жалған жасап, оның салымдары 50% емес, 10% болғанына қарамастан, бизнес-орталықтағы үлесін тең үлестермен анықтау туралы талап-арызбен сотқа жүгінді.
Біз іс жүзінде 90% мөлшеріндегі үлесі тиесілі А. азаматының мүддесін қорғадық.
Сот біздің барлық дәлелдерімізді қабылдады, жылжымайтын мүліктің даулы объектісінде біздің клиенттің үлесін 9/10 (90%), ал А. азаматы үшін 1/10 (10%) мөлшерінде белгіледі.
Құжаттарды жалған жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алғашқы бағалау тегін. Егер істің болашағы жоқ болса — тура айтамыз.