Астана · Алматы · Қарағанды · Атырау · Ақтау · Павлодар · Шымкент Фирмаға жүгіну  ·  RU · KZ
A&PAlina & PartnersЗаң фирмасы · Астана
Басты бет›Фирма туралы
Alina & Partners

Фирма туралы

Бизнесті заңдық қорғау, сондай-ақ жеке тұлғаларды құқықтық қолдау — «Alina & Partners» заң компаниясының негізгі бағыттары болып табылады.

Біздің миссиямыз

Құқықтық тәуекелдерді азайту, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау, заңды проблемалар туындауының алдын алу.

Көзқарастарымыз

Біз Клиенттерді өз Серіктестеріміз деп білеміз. Егер Сіз бізбен қарым қатынас құратын болсаңыз серіктестіктің ең қолайлы және тиімді нысанын ұсынамыз.

Құндылықтар

Біз өз қызметімізде мүдделер қайшылығына жол бермейміз – егер бір ұсыныс басқа біздің Клиентіміздің мүдделеріне қайшы келетін болса біз сол іске қатысудан немесе оны жүргізуден бас тартамыз.

Біз үнемі адал қызмет етеміз – ешқандай да «алқызыл көзілдірік» таққандай күйде болмаймыз қадамымызды нық басамыз, көкейкесті мәселені тек объективтілік тұрғысынан ғана бағалаймыз. Үнемі білімімізді жетілдіріп, өзіміздің кәсібилік деңгейімізді дамытамыз – заңнаманың соңғы өзгерістері туралы үнемі хабардар болып тұрамыз.

Құқықтарыңызды қалпына келтіру үшін компания барша команданың нақты тәжірибесін пайдаланады

Сіздің бизнесіңізді қорғау үшін компания бүкіл команданың нақты тәжірибесін қолданады. Біз бүгінгі күнгі заңнаманы және сот тәжірибесін анық түсінеміз. Сондықтан нақты жағдайларда қандай стратегияларды қолдану керек екендігін де білеміз. Шарт жобаларында көрінбейтін тәуекелдерді де байқай аламыз және сол арқылы бір қарағанда ережелері қиянатсыз болып көрінетін, сәтсіз мәмілелердің жасалуын алдын аламыз.

Пікірлер

Біздің компания компанияларға да, жеке тұлғаларға да заңгерлік қызмет көрсетеді. Әрбір клиент сапалы қызметтер ала алады.

Ляззат Нурболатовна

Біздің кәсіпорын дауды сотта шешу қажеттілігіне тап болды. Осындай мәселелерді шешу саласында заңгерлермен өзара іс-қимыл тәжірибесі болмағандықтан, біз «Alina&Partners» компаниясына жүгіндік және біз өз таңдауымызға еш өкінбедік. Білікті тәжірибелі мамандар біздің проблемамызға өздерінің ерекше кәсібилігімен қарады. Олар бізге дауда өзін қалай ұстау керектігі, сот үшін қандай құжаттарды дайындау керектігі туралы кеңес берді. Біздің атымыздан сотта сөйледі, соның арқасында іс біздің пайдамызға сәтті шешілді! Біз Сіздің компанияңызға алғысымызды білдіреміз және қажет болған жағдайда болашақта Сіздерге міндетті түрде жүгінеміз!

Гуль Сайлауовна

Қазақстандық Швейцариялық-Американдық колледжінің директоры

Қазақстандық Швейцариялық-Американдық колледж жұмыстағы кәсібилігі мен мақсаткерлігі үшін Сіздерге өз алғысын білдіреді. Біздің компания заң кеңестері мен қолдауы үшін «Alina&Partners» сарапшыларына бірнеше рет жүгінген және әрқашан білікті көмек алып отырған.

Ардак Мухамедтохтаровна

«Alina&Partners» компаниясының заңгерлеріне алғыс айтамыз. Біздің ойымызша, меншік үлесін анықтау бойынша біздің ісіміз өте қиын болды, бірақ біз сотта жеңіске жеттік. Бірнеше ай өтсе де, заңгерлердің кәсібилігі мен сапалы көзқарасының арқасында біз өз ісімізді дәлелдей алдық.

Жулдыз Марленовна

Маған жедел кеңес және білікті заң көмегі көрсетілді. Мәселелерді шешу үшін өзіме заңгер іздеген кезде «Alina&Partners» заң компаниясына тап болдым. Нәтижемен дән ризамын. Адамның керемет қасиеттерімен қатар, өз ісінің мамандары бар екеніне рахмет. Рахмет!

Сіздің жағдайыңыз

Істің болашағын бағалаймыз

Алғашқы бағалау тегін. Егер істің болашағы жоқ болса — тура айтамыз.

Кеңеске өтінім

Атыңызды жазыңыз
Телефон нөмірін енгізіңіз
WhatsApp — осы нөмір: +7 778 670-77-34.
Өтінім қабылданды. Заңгер сізбен хабарласады.