Бизнесті заңдық қорғау, сондай-ақ жеке тұлғаларды құқықтық қолдау - «Alina & Partners» заң компаниясының негізгі бағыттары болып табылады.
Біздің миссиямыз
Құқықтық тәуекелдерді азайту, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау, заңды проблемалар туындауының алдын алу.
Көзқарастарымыз
Біз Клиенттерді өз Серіктестеріміз деп білеміз. Егер Сіз бізбен қарым қатынас құратын болсаңыз серіктестіктің ең қолайлы және тиімді нысанын ұсынамыз.
Құндылықтар
Біз өз қызметімізде мүдделер қайшылығына жол бермейміз – егер бір ұсыныс басқа біздің Клиентіміздің мүдделеріне қайшы келетін болса біз сол іске қатысудан немесе оны жүргізуден бас тартамыз.
Біз үнемі адал қызмет етеміз – ешқандай да «алқызыл көзілдірік» таққандай күйде болмаймыз қадамымызды нық басамыз, көкейкесті мәселені тек объективтілік тұрғысынан ғана бағалаймыз. Үнемі білімімізді жетілдіріп, өзіміздің кәсібилік деңгейімізді дамытамыз – заңнаманың соңғы өзгерістері туралы үнемі хабардар болып тұрамыз.
Құқықтарыңызды қалпына келтіру үшін компания барша команданың нақты тәжірибесін пайдаланады
Сіздің бизнесіңізді қорғау үшін компания бүкіл команданың нақты тәжірибесін қолданады. Біз бүгінгі күнгі заңнаманы және сот тәжірибесін анық түсінеміз. Сондықтан нақты жағдайларда қандай стратегияларды қолдану керек екендігін де білеміз. Шарт жобаларында көрінбейтін тәуекелдерді де байқай аламыз және сол арқылы бір қарағанда ережелері қиянатсыз болып көрінетін, cәтсіз мәмілелердің жасалуын алдын аламыз.