Астана · Алматы · Қарағанды · Атырау · Ақтау · Павлодар · Шымкент Фирмаға жүгіну  ·  RU · KZ
A&PAlina & PartnersЗаң фирмасы · Астана
Басты бет›Тәжірибе›ЖШС директоры мен құрылтайшысын 168 500 000 теңге сомасына субсидиарлық жауапкершілікке тарту үшін негіздердің жоқтығы дәлелдедік
Жеңіске жеткен іс

ЖШС директоры мен құрылтайшысын 168 500 000 теңге сомасына субсидиарлық жауапкершілікке тарту үшін негіздердің жоқтығы дәлелдедік

Жағдаят

Банкроттық басқарушы 2015 жылы банкрот деп танылған ЖШС директоры мен құрылтайшысын 168 500 000 теңге сомасында субсидиарлық жауапкершілікке тарту туралы талап-арызбен сотқа жүгінді.

Борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шыққан күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ЖШС-ға тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды уақытша басқарушыға ұсынбау талаптың негізі болып табылды. Атап айтқанда, директор банкроттық басқарушыға бермеген 17 бірлік автокөлік.

«Alina&Partners» заң компаниясы ЖШС директорының мүддесін қорғады.

Жүргізілген жұмыс

  1. Банкроттық өндірістің материалы зерделенді.
  2. Сотта мәліметтер директор лауазымына тағайындалғанға дейін ЖШС-де болмағанына байланысты директордың банкроттық басқарушыға оларды беруге нақты мүмкіндігі болмағаны туралы дәлелдер келтірілді.
  3. ЖШС директорының өзі автокөліктерді іздестіруді бастағаны дәлелденді, алайда ішкі істер органдары көлік құралдарының орналасқан орнын анықтаған жоқ.
  4. Банкроттық басқарушының талап қоюдың ескіру мерзімін өткізіп алғаны анықталды, сотта бұл мерзімнің қолданылғаны туралы мәлімденді.

Нәтиже

  1. Банкроттық басқарушы өзінің шағымын кері қайтарып алды. Бұл пікірімізде оның барлық дәлелдерін жоққа шығарғанымызға байланысты болды деп есептейміз.
  2. Біздің сенім білдіруші тұлға – ЖШС директорынан 168 500 000 теңге көлеміндегі соманы өндіріп алуға жол берілмеді.
Сіздің жағдайыңыз

Істің болашағын бағалаймыз

Алғашқы бағалау тегін. Егер істің болашағы жоқ болса — тура айтамыз.

Кеңеске өтінім

Атыңызды жазыңыз
Телефон нөмірін енгізіңіз
WhatsApp — осы нөмір: +7 778 670-77-34.
Өтінім қабылданды. Заңгер сізбен хабарласады.