Жағдаят

Кәсіпкер Ж. тұрғын үйден оның құрылысы кезеңінде ауданы 280 ш.м. құрайтын коммерциялық үй-жайды (кеңсе) сатып алды. Құрылыс кезеңінде үй-жай құрылыс салушыға тиесілі болды және пайдалануға берілгеннен кейін ғана құрылыс компаниясы сатып алушыға коммерциялық үй-жайға меншік құқығын беруге міндетті. Алайда құрылыс салушының үшінші тұлғалар алдында міндеттемелері пайда болды, осыған байланысты оның мүлкіне, соның ішінде кәсіпкер Ж.-ның үй-жайына тыйым салынды.

Сәйкесінше, үйді пайдалануға бергеннен кейін аталған тыйым салу Кәсіпкерге кеңсені беруде кедергі келтірді.

Жүргізілген жұмыс
  1. Уәкілетті органдардан ақпаратқа сұрау салынды, үй-жайға салынған тыйым салулардың барлығы құрылыс салушының борыштары бойынша ғана туындағаны анықталды.
  2. Сотқа мүлікті тыйым салудан босату, клиентке кеңсеге меншік құқығын беру туралы талап-арызбен жүгіндік.
  3. Үй-жайды сатып алған Кәсіпкердің үшінші тұлғалар алдында ешқандай міндеттемелері, борыштары жоқ екені және оның кеңсесіне негізсіз тыйым салынғаны сотта дәлелденді.
Нәтиже

Сот шешімімен біздің клиенттің үй-жайын тыйым салудан босатылды, құрылыс салушыны үй-жайды беруге міндеттелді.

Қазіргі уақытта үй-жайды клиент өзінің кәсіпкерлік қызметі шеңберінде пайдаланады.