Жағдаят
А. азаматы және ЖШС арасында тұрғын емес үй-жайды жалға алу туралы шарт жасалды. Бірақ ЖШС жалдау төлемі бойынша өз міндеттерін орындамады және үй-жайды босатудан бас тартты.
«Alina&Partners» заң компаниясы жалға беруші – А. азаматының мүддесін қорғады.
Жүргізілген жұмыс
- Қарсыласпен сотқа жүгінгенге дейін дауды шешу мақсатында келіссөздер жүргізілді (міндетті сотқа дейінгі тәртіп).
- Келесі талаптар бойынша сотқа талап-арыз берілді:
- жалдау шартын бұзу;
- қарызды - бірнеше айға жалдау төлемін өндіріп алу;
- коммерциялық үй-жайды босату міндеттемесі.
Нәтиже
Сот талап-арызды қанағаттандырды: жалдау шартын бұзды, ЖШС-нан біздің сенім білдіруші тұлғаның пайдасына жалдау төлемін өндіртіп алды және ЖШС-ты кеңсені босатуға міндеттеді.
Үй-жай клиентке қайтарылды.