Жағдаят
Банкроттық басқарушы 2015 жылы банкрот деп танылған ЖШС директоры мен құрылтайшысын 168 500 000 теңге сомасында субсидиарлық жауапкершілікке тарту туралы талап-арызбен сотқа жүгінді.
Борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шыққан күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ЖШС-ға тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды уақытша басқарушыға ұсынбау талаптың негізі болып табылды. Атап айтқанда, директор банкроттық басқарушыға бермеген 17 бірлік автокөлік.
«Alina&Partners» заң компаниясы ЖШС директорының мүддесін қорғады.
Жүргізілген жұмыс
- Банкроттық өндірістің материалы зерделенді.
- Сотта мәліметтер директор лауазымына тағайындалғанға дейін ЖШС-де болмағанына байланысты директордың банкроттық басқарушыға оларды беруге нақты мүмкіндігі болмағаны туралы дәлелдер келтірілді.
- ЖШС директорының өзі автокөліктерді іздестіруді бастағаны дәлелденді, алайда ішкі істер органдары көлік құралдарының орналасқан орнын анықтаған жоқ.
- Банкроттық басқарушының талап қоюдың ескіру мерзімін өткізіп алғаны анықталды, сотта бұл мерзімнің қолданылғаны туралы мәлімденді.
Нәтиже
- Банкроттық басқарушы өзінің шағымын кері қайтарып алды. Бұл пікірімізде оның барлық дәлелдерін жоққа шығарғанымызға байланысты болды деп есептейміз.
- Біздің сенім білдіруші тұлға – ЖШС директорынан 168 500 000 теңге көлеміндегі соманы өндіріп алуға жол берілмеді.