Сіздердің көпшілігіңіз, егер серіктес басқа қалада болса, онымен келісімшартқа қол қоюды кейінге қалдыруға тура келеді деп ойлайсыз. Егер клиенттер басқа қалаларда болса, олармен келісім жасасуды кейінге қалдырасыз. Немесе шарт жобасын IT-технологиялар ғасырына сәйкес келмейтін пошта қызметтерімен бір-біріңізге жолдайсыз.
Немесе басқа қаладан келген клиент шартқа қол қояды, сізге оның сканкөшірмесін жібереді, содан кейін оған сіз қол қоясыз және клиентке қайта жібересіз.
Бір сөзбен айтқанда, бұл кешегі ғасырда қалып қойған әрекеттер және, әрине, қолтаңбаның түпнұсқалығына күмән тудырады.
Мәміленің дұрыстығын дәлелдеу қажет болған жағдайда шарт алдындағы барлық хат алмасуды сақтау қажет болатын.
Осыған ұқсас ыңғайсыз әрекеттерді болдырмау үшін https://datcom.kz жобасы туралы айтамыз.
Бұл сервис барлық құжат түрлерінің ЭЦҚ көмегімен қашықтықтан қол қоюды қамтамасыз етеді. Бұл тек шарттар ғана емес, сонымен қатар орындалған жұмыстардың актілері, шот-фактуралар, хаттамалар және қол қоюын созу мүмкін емес басқа құжаттар.
Жақында біздің "Alina&Partners" заң компаниясы директоры Қарағандыда орналасқан қарағандылық ЖШС-мен шарт жасасты.
@datcom.kz көмегімен бұл рәсімге бес минут қана жұмсалды.
Ыңғайлы, жылдам, үнемді және сенімді.
egov.kz. порталынан анықтаманы алғандай жеңіл.
Сондықтан да, егер Сіз заманға қатар қадам басып келе жатқан кәсіпкер болсаңыз, осы сервисті ұсынамыз. Толық нұсқаулықты www.datcom.kz сайтынан таба аласыз.