Мен өзімнің сот тәжірибемде түсіндірейін. Судья ретінде жеке сот орындаушысының ұсынысын қарастырған болатынмын. Ол "А" ЖШС "М" ЖШС-не 5 млн теңге қарыз екенін, бірақ сот шешімін бірнеше ай бойы орындамайтынын айтты.

Борышкердің шоттарында ақша мен мүлік болған жоқ. Бірақ борышкер ЖШС жалға алынған техниканың көмегімен мердігерлік қызметтерді белсенді көрсетіп жүрді.

Заң бойынша, заңды тұлға 1250 АЕК (3 млн теңгеден астам) көлемінде қарызды ұзақ уақыт төлемеген жағдайда, сот оған берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруы мүмкін.

Осы норманы қолдана отырып, мен борышкерге берілген 3-санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу құқығына лицензияны тоқтата тұру туралы ұйғарым шығардым. Бұл шара тиімді болды, өйткені құрылыс жұмыстарын тиісті лицензиясыз жүргізу мүмкін болмады.

Борышкерге борышты өтеу үшін ақшалай қаражатты іздестіру тура келді және олардың заңгері лицензияны жаңарту бойынша іс-әрекет жасады. Сот орындаушысы сот шешімінің орындалуына көз жеткізгеннен кейін ол лицензияның қолданылуын қайта жаңғыртты.

 

Айжан Алина, «Alina&Partners» заң компаниясы» ЖШС-нің директоры