Жеке тұлғаларға ірі жеке капиталды басқару және қорғау мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету компания қызметінің жеке бағыты болып табылады. Біз сәтті кәсіпкерлердің, сондай-ақ, олардың туған туыстары мен жақындарының жеке капиталын қалай қорғау керек екендігін білеміз.
Өз активтеріңіздің сақтаулы болатындығына нық сенімді болыңыз. Сіз Сіздің активтеріңіздің сақтаулы болатындығына сенімді боласыз және жеке, отбасылы өмірде кез келген өзгерістерге қарамастан оларды бақылай аласыз. Қажет болған жағдайда біз Сіздердің мұрагерлеріңізді және сенім білдіруші тұлғаларды жеке капиталды және бизнесті басқаруға кірісумен байланысты түрлі жағдайларға дайындаймыз.
Құпиялылық біздің қызметіміздің негізгі қағидаттардың бірі болып табылады.
Жеке клиенттерге арналған қызметтер:
- трасттарды және жеке қорларды құру;
- бизнесті мұрагерлік бойынша алу бағдарламасын әзірлеу;
- клиенттердің некеге тұрған кезде, неке бұзылғанда және жеке өмірдің түрлі салаларында мүліктік мүдделерін қамтамасыз ету;
Клиенттің, оның жақындары мен сенім білдірген тұлғалардың активтерін үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінен қорғау;