Шарт жасау – кез келген шаруа қызметінің өте маңызды кезеңі. Шарттың құқықтық сараптамасын үнемі өткізіп тұру керек. Әдетте егер де шартты оған қол қоюға ұсынатын ұйымның заңгерлері жасаса осындай шарт Сіздің серіктесіңізді қорғайды. Алайда шарттың негізгі ережелерін және шартты орындамаудың барлық салдарларын жете түсіну де маңызды. Шартқа қол қойған кезде шарт ережелерімен мұқият танысып шығыңыз, себебі Сіз өзіңіз үшін тиімсіз жағдайға ұшырауыңыз мүмкін.
Шарттың ережелері Сіз үшін қаншалықты тиімді екендігін және шартта қандай тәуекелдер және шарттың қандай салдарлары болуы мүмкін екендігін бағалау үшін біздің компаниямыз келесіні тексере алады:
- клиенттің құқық қабілеттілігін және оның құқықтық адалдығын;
- тараптар өкілдерінің өкілеттіктерін;
- шарттың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру;
- шарт ережелерін клиенттің мүдделеріне сәйкестігін тексеру;
- шарттың орындалу мерзімдерін және шарттың қолданыста болу кезеңін тексеру;
- шарт бойынша айыппұл ықпалшараларының мөлшерін және заңдылығын тексеру;
- мәміленің құпиялылығын қамтамасыз ету;
- шартты мерзімге дейін немесе бір жақты бұзу ережелерін, шартты бұзу тәсілін және тәртібін тексеру;
- дауларды шешу әдістері, дауларды шешудің орналасқан жерлері;
- шарт бойынша форс-мажорлы жағдайлар ережелері.