Сіз ресми ресімделмей, еңбек шартынсыз, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықсыз жұмыс жасасаңыз да, жалақыңыз бойынша қарызыңызды өндіріп алуға болады.

Ол үшін еңбек ету фактісін дәлелдеу қажет. Мысалы, әріптестеріңіздің, клиенттеріңіздің немесе осы компанияда жұмыс істегеніңізді растайтын басқа адамдардың куә ретіндегі айғақтарымен дәлелдеуге болады. Сонымен қатар жұмыс процесінде жасаған құжаттарды да сотқа ұсыну арқылы да дәлелдеуге болады.

Белгіленген жалақы мөлшерін осыған ұқсас жұмысты жүзеге асыратын қызметкерлердің жалақысы негізінде белгілеуге болады.

Егер мұндай қызметкерлер болмаған жағдайда, сот белгілі бір аймақтағы, нақты саладағы, нақты лауазымдағы орташа жалақы туралы статистикалық деректерді ескеруі мүмкін.

Біздің тәжірибемізде 5,2 млн теңге көлемінде жалақы өндіріп алу туралы талап-арыз бойынша жеңіп шыққан, сондай-ақ тұрақсыздық айыбы мен моральдық зиянды да өндіріп алған кезіміз болды.

Айдана Құсатаева, «Alina&Partners» Заң компаниясының заңгері